Атомдық-абсорбциялық спектрометр – заттарды элементтік талдауға арналған құрылғы. Рәсімді орындау үшін әртүрлі сұйық сынамалар қолданылады. Бұл әдіс жарты ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болды және соңғы уақыттарда аналитикалық химия саласында кеңінен танымал болды.
Спектрометрді қолданудың негізгі бағыттары – ерітінділерде, майларда, өсімдіктерде, суда металдардың немесе олардың қоспаларының мөлшерін анықтау.
Атомдық-абсорбциялық спектрометр – кез-келген табиғи және техникалық объектілерді талдаудың негізгі әдісі.
Ол экологияда, геологиялық барлауда, ғылыми зерттеулерде, өндірістік санитарияда, технологиялық процестерді бақылауда қолданылады.
«Қазгидромет» РМК қоршаған орта объектілеріндегі металдардың құрамын анықтау мақсатында топырақты, су мен ауаны талдау үшін экологиялық мониторинг саласында атомды-абсорбциялық спектрометрді пайдаланады.