Бүгін «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Өскемен және облыстың елді мекендерінің атмосфералық ауасының ластану жай-күйі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Оған Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Н. Шерубаев, «ШҚО бойынша Экология департаменті» РММ басшысының м.а. Р. Тұраров, «ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысының м. а. А.Есентаев, «Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС директорының техникалық орынбасары М. Канапьянов, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Veritas Озық даму орталығының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы, 2020 жылы Қазақстандағы «Эко Амбассадор» Д.Асанов қатысты.
«Қазгидромет» РМК дөңгелек үстелге қатысушыларға 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атмосфералық ауаның ластану жай-күйі туралы баяндама ұсынды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар проблемалық мәселелерді белсенді талқылады, барлық құрылымдардың облыстағы атмосфералық ауаның ластану проблемаларына бағытталған егжей-тегжейлі жұмысы үшін өзара іс-қимылы бойынша сындарлы әңгіме өткізді.
Іс-шараның нәтижесі бойынша халықтың «Қазгидромет» РМК-ның атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратына қол жетімділігі, LED экранда экологиялық мониторинг туралы роликті көрсету бойынша бірлескен күш-жігермен жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.