Жамбыл және Түркістан облыстарының күздік бидай бақыланатын учаскелерінде орташа ауа температурасы 5°С дейін және оданда төмендеп, осылайша күздік бидайдың вегетациясы тоқтаған. Биіктігі 3-6 см шамалы қар жамылғысы орнаған, Түркістан облысының Тасарық метеостанциясының маңайында 12 см. Осы облыстардың көптеген аудандарында топырақ 1-4 см тереңдікке, кей жерлерде 11 см дейін қатқан, жеке егістіктерде топырақ еріген. Минималды ауа температурасы минус 13...20°С дейін және күздік бидайдың қату тереңдігіндегі (3 см) топырақтың минималды температурасы минус 2...5°С дейін төмендеген, Жамбыл облысының Қордай агропостының маңайында минус 10°С дейін төмендеп, сондай-ақ онкүндік ішінде (2-4 күн) өткен жылымық күздік бидайдың әлсіз дамыған егістіктерінің қысқы төзімділігіне әсер етуі мүмкін.
Алматы мен Жетісу облыстарының бақылау учаскелерінде биіктігі 4-10 см, кей жерлерінде 14-18 см қар жамылғысы орнаған. Ауаның минималды температурасы минус 13...19ºС дейін және күздік бидайдың қату тереңдігіндегі топырақтың минималды температурасы (3 см) минус 1ºС дейін төмендеген. Топырақтың қату тереңдігі 6-12 см-ден 12-23 см-ге дейін өзгерген.
Мал шаруашылығы аумағының басым бөлігінде жайылымдар бірқалыпты тапталған, Ақтөбе облысының кейбір жайылымдарының әлсіз тапталуы байқалған, Ақтөбе облысының Ыргыз ауданында жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында жайылымдар қатты тапталған. Көптеген жайылымдарда шымның қатқақ болуы, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста кейбір жайылымдарда шымның дымқыл болуы орын алған.