Экология және табиғи ресурстар министрлігінің брифингі

IconЖарияланды 25.12.2024

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК баспасөз орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.

Өз сөзінде ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары А. Абдуалиев республикадағы экологиялық жағдай туралы хабардар етті.

Журналистер тарапынан Экологиялық кодекс талаптарын сақтау, кәсіпорындарда мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу, экологиялық бұзушылықтар, айыппұлдар және т. б. сұрақтар келіп түсті.

А. Абдуалиев қоршаған ортаның ластануына және экологияны сақтау жөніндегі экологиялық құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» мәдениетін сіңіру мәселесіне толығырақ тоқталды.

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары А.Ким өз баяндамасында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің сақталғаны туралы баяндады.

Сондай-ақ, брифинг барысында журналистер ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын іске асыру бойынша, атап айтқанда өтпелі ережелер бойынша, контактілі зоопарк қызметіне тыйым салу және жануарлар иелерінің жауапкершілігі туралы сұрақтарға жауап ала алды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз