Температураның ауытқуы

IconЖарияланды 08.01.2025

Циклондар мен антициклондардың тез өзгеруі ауыспалы ауа-райын тудырады. Елдің солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен қар жауады, батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады. Кезең ішінде бір-бірін алмастыра отырып, Қазақстан аумағына Атлант және Арктикадан шыққан ауа массалары түсетін болады. Осыған байланысты республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының 15-25-тен 10-18-ге дейін, оңтүстігінде 10-15-тен, Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында 20-25-тен 5-13-ке дейін, таулы аудандарда 16-21-ге дейін аяз болады деп күтілуде. Республиканың батысында температуралық фонда күрт ауытқулар күтілмейді.

ҚР бойынша жел күшеюі, тұман күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз