Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама

IconЖарияланды 18.08.2020

2020 жылғы 11-17 тамыз аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:

Қызылорда қаласында бір де бір ЛББ-да ластаушы заттардың ШЖШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.

Алматы қаласында шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 82 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Амангелді к-сі. Сәтбаев к-сі бұрышы ауданында неғұрлым ластанған.

Қарағанды қаласында шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 145 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы № 6 бекет (Архитектурная  көшесі,15/1.) аумағында неғұрлым ластанған.

Нұр-Сұлтан қаласында шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 99 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.

Ақтөбе қаласында шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 150 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Есет батыр көшесі, Рысқұлов көшесі, Шанхай ауданы маңында неғұрлым ластанған.

Өскемен қаласында шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 478 жағдайы тіркелді, қаланың Шәкәрім даңғ., 79 ауданында неғұрлым ластанған.

Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШРШ-дан елеусіз асып кету жағдайлары тіркелді.

Экстремалды-жоғары (20 ШЖШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШЖШ тіркелген жоқ.

Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауа жағдайына Мониторинг жүргізіледі:

- Ақтөбе қаласында 6 бекетте өткізіледі, оның ішінде 3 Автоматты пост және 3 Қолмен сынама алу пост.

- Алматы қаласында 16 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 11 автоматты бекет және 5 қолмен сынама алу бекеті.

- Атырау қаласында 5 бекетте өткізіледі, оның ішінде 3 Автоматты пост және 2 қолмен сынама алу пост.

- Балқаш қаласында 4 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 1 Автоматты посты және 3 Қолмен сынама алу посты.

- Өскемен қаласында 7 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 5 қолмен сынама алу бекеті.

- Жезқазған қаласында 3 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 1 Автоматты посты және 2 қолмен сынама алу посты.

- Қарағанды қаласында 8 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 4 автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті.

- Қызылорда қаласында 3 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 1 Қолмен сынама алу бекеті.

- Нұр-сұлтан қаласында 10 бекетте өткізіледі, оның ішінде 6 Автоматты пост және 4 қолмен сынама алу пост.

- Павлодар қаласында 7 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 5 Автоматты посты және 2 қолмен сынама алу посты.

- Петропавл қаласында 4 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Теміртау қаласында 4 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 1 Автоматты посты және 3 Қолмен сынама алу посты.

- Шымкент қаласында 6 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз