2025 жылдың 25 қаңтары күні "Қазгидромет" РМК Ақмола облысы бойынша филиалының еңбек сіңірген қызметкері Татьяна Александровна Иванова мезгілсіз қайтыс болды.
Иванова Татьяна Александровна Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі жүйесінде 37 жылдан астам жұмыс істеді.
1987 жылы Көкшетау метеорологиялық станциясына кіші техник-метеоролог лауазымына келді.
Өзінің еңбек еткен кезеңінде Татьяна Александровна Көкшетау метеостанциясын дамытуға белсенді ат салысты.
Татьяна Александровна тамаша тәлімгер болды, ол өз жұмысына деген адалдығымен және жауапкершілігімен ерекшеленді.
Қазгидрометтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен, кәсіпорынның құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
"Қазгидромет" РМК ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.