Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Жексенбі күндері Қазақстанның көп бөлігінде солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы қалыптасады. Бұл циклонмен бірге бұлтты ауа райы, аралас жауын-шашын (қар, дымқыл қар және жаңбыр), қар жауу, боран, күшті жел, тұман және мұзды құбылыстар болуы мүмкін. 1 ақпанда еліміздің шығыс және оңтүстік-шығысында қатты қар жаууы күтілуде. Ал оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Түнде еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында ауа температурасы -15-28 градус аралығынан -0-18 градус аязға дейін көтеріледі, ал күндіз солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында ауа температурасы -4 градус аяздан +2 градус жылуға дейін жылынады, шығыс пен орталық Қазақстанда күндіз ауа температурасы -0-11 градус аяз шамасында болады. Батыс аймақтарында минималды температуралар -8 градус аяздан +2 градус жылуға дейін өзгереді, максималды температуралар 0-10 градус жылуды құрайды. Оңтүстік аймақтарда түнде ауа температурасы -2-13 градус аяз аралығында болады, күндіз -2 градус аяздан +7 градус жылуға дейін көтеріледі. Оңтүстік-шығыста түнде температура -5-15 градус аязға дейін төмендейді, таулы аудандарда бұл көрсеткіш -17-25 градус аязға дейін жетуі мүмкін, ал күндіз ауа температурасы -0-7 градус аяз арасында болады.