Жауын-шашын өлшеуіштердің бірнеше нұсқасы бар, алайда ДМҰ мақұлдаған және ұсынған Третьяков жауын-шашын өлшеуіші кеңінен танылған.
Жауын-шашын өлшеуіші – бұл сұйық (жаңбыр түрінде) және қатты (қар, бұршақ) атмосфералық жауын-шашынды өлшеуге арналған арнайы аспап.
Жауын-шашын өлшеуішінің негізгі бөлігі, әрине, жауын-шашынды жинайтын ыдыстар болып табылады. Кейде оларды жауын-шашын өлшеу шелектері деп те атайды. Түскен жауын-шашынның немесе еріген қардың мөлшерін өлшеу үшін жауын-шашынды жинау ыдысынан арнайы өлшеу стаканына құяды. Барлық түскен жауын-шашын миллиметрмен (мм) өлшенеді және 1 мм жауын-шашын 1 ш.м. ауданға 1 л. суға сәйкес келеді деп алынады.
Плювиограф, жауын-шашын өлшеуішіне қарағанда, ол тек жылы мезгілде қолданылады. Бұл түскен жауын-шашынды үздіксіз тіркеуге және олардың қарқындылығын анықтауға мүмкіндік беретін, өзі жазатын аспап, осыдан атауы да pluvia-жаңбыр, graf-жазу деген латын сөздерінен тұрады.
Жауын-шашынды тіркеу алдында барабанның сағат механизмі қосылады, барабанға арнайы диаграммалық таспа бекітіледі. Таспа түсетін жауын-шашынның мөлшерін тіркеу үшін қажет.
Плювиограф жинаған жауын-шашын қалтқысы бар камераға түседі, ол сиямен жазылатын қаламды қозғалысқа келтіреді және диаграмма таспасында график жасалады. Графикасы бар мұндай таспалар толық жазылғаннан кейін жаңбырдың түсу немесе күшею қарқындылығы мен нақты уақытын қалпына келтіру қажет болған кезде, өте құнды материал бола алады.
Қазір жауын-шашынды өлшеуге арналған көптеген автоматты құралдар бар, алайда қол станцияларында дәстүрлі жауын-шашын өлшеуіштері мен плювиографтар метеорологтарға әлі де қызмет етуді жалғастыруда.