2025 жылғы 11-12 наурыз аралығында "Қазгидромет" РМК орталық аппаратында өрт қауіпсіздігі бойынша практикалық сабақтар өткізілді. Қызметкерлерді оқытуды өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жауапты қызметкер М. К. Теміров ұйымдастырды.
Сабақ барысында қызметкерлер автоматты өрт дабылы іске қосылғанда, ғимаратта өрт немесе жану белгілері байқалғанда іс-қимыл тәртібін зерделеп шықты. Қызметкерлер алғашқы өрт сөндіру құралдарын, соның ішінде өрт сөндіргіштерді қолдану бойынша практикалық дағдыларға ие болды.
Мұндай іс-шараларды өткізу ұйымдағы өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, жедел әрекет ету дағдыларын және төтенше жағдайларда сауатты іс-қимылдарды дамытуға бағытталған.