Каспий теңізіндегі су деңгейі тұрақсыз. Соңғы 3000 жыл ішінде ол шамамен 15 метрге өзгерді. Бұл теңіздің Солтүстік бөлігі (Каспий теңізінің Солтүстік-Шығыс бөлігі Қазақстанға жатады) қыста қатып, мұзбен жабылады. Каспий теңізінде тіркелген ең жоғары толқын 11 метрге жетті.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Солтүстік Каспийде теңіз деңгейінің минус 27,97 м белгісі шамасында ауытқуы күтіледі. Жиналу-қарқындау құбылыстары кезінде теңіз деңгейі минус 27,77 м белгісіне дейін көтерілуі және оның минус 28,24 м белгісіне дейін төмендеуі мүмкін.
Орта Каспийде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғары белгі минус 28,04 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі 28,58 м дейін төмендеп, минус 28,24 м белгісі шамасында болады деп күтіледі.
2020 жылғы 13-18 тамыз аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді.
Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 17 тамыздағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.
Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында ұсынылған.