Елдің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

IconЖарияланды 31.03.2025

Барикалық құрылымдардың өзгеруі Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз болуына себеп болады, жаңбыр мен найзағай болады, солтүстік және шығыс аймақтарда түнде жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін. Тек орталық және оңтүстік аймақтарда жоғары қысым аймағының әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда желдің күшеюі болжанады, таулы аймақтарда тұман болады. Қазақстанның көп бөлігінде күндізгі температураның 8-13°C-тан 15-20°C-қа дейін көтерілуі күтілуде, оңтүстікте 18-23°C-тан 20-28°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста 12-20°C-тан 18-23°C-қа дейін, шығыста 5-15°C, ал батыста 15-25°C-тан 13-22°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз