Ауа-райының тұрақсыз сипаты

IconЖарияланды 09.04.2025

Алдағы күндері батыста, солтүстікте, Қазақстанның таулы аудандарының оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, таулы аудандарда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 11 сәуірде елдің батысында, солтүстік-батысында, 12 сәуірде түнде Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады. Елдің шығысында ғана жоғары қысым өрісінің әсерінен ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Батыс аймақтарда жел күшейеді деп күтілуде, ал республиканың көп бөлігінде тұман болады.

Түнде температура фоны:

Елдің батысында 2-7-ден 0-5-ке дейін, батыс аймағының солтүстігінде 3 градус аязға дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста температураның 3-8 жылудан 2 аяз-3 жылуға дейін төмендеуі.

Солтүстікте, орталықта 2-7-ден 7-12-ге дейін жылу көтеріледі.

Шығыста 3- 5 аяздан 3-8 жылуға дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста 5-10 жылудан 7-12-ге дейін жылу көтеріледі деп күтілуде.

Оңтүстікте 10-15-тен 15-20-ға дейін жылу көтеріледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз