Қытайлық Lihe Technology (Hunan) Co., Ltd. компаниясы делегациясының Қазақстан Республикасына сапары аясында, «Астана» Дипломатиялық клубының қолдауымен, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Қазгидромет» РМК басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан аумағында бірлескен пилоттық жобаларды іске қосу мүмкіндігін қоса алғанда, экологиялық бақылау саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Қоршаған орта мен су ресурстарының жай-күйін мониторингтеудің дәлдігін арттыруға бағытталған заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.