26 сәуір күні Астана қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шараға «Қазгидромет» РМК қызметкерлері белсене қатысты.Сенбілік аясында «Қазгидромет» қызметкерлері Астана қаласы бойынша Экология департаменті, МЦЗТиП, «Жасыл Даму» ЖШС және ІАЦООС өкілдерімен бірлесіп, қаланы абаттандыру мен экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлестерін қосты.«Қазгидромет» РМК тарапынан 27 қызметкер қатысты. Барлық қатысушылар аумақты тазалау жұмыстарына белсенді қатысып, жоғары экологиялық жауапкершілік пен ұйымшылдық танытты.Сенбілік жұмыс достық атмосферада өтті және елорданы таза әрі жасыл қалаға айналдыру жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.