Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы күндері Қазақстан аумағында циклондық әрекеттің әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі: найзағайлы жаңбыр, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл және тұман. Тек шығыста, сондай-ақ 20-21 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
20 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысында, 22 мамырда күндіз Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, ал оңтүстік-батыс пен шығыста тұман күтіледі.
Ауа температурасы:
- Батыс пен солтүстік-батыста: күндізгі температура +18...+28°С-тан +15...+25°С-қа дейін төмендейді.
- Солтүстікте: күндізгі температура +20...+26°С-тан +20...+29°С-қа дейін көтеріледі.
- Орталық пен шығыста: күндізгі температура +20...+28°С-тан +22...+33°С-қа дейін көтеріледі.
- Оңтүстікте: күндізгі температура +25...+35°С-тан +28...+38°С-қа дейін көтеріледі.
- Оңтүстік-шығыста: күндізгі температура +22...+30°С-тан +30...+38°С-қа дейін көтеріледі.
Ауа райының өзгеруіне байланысты тұрғындарға ауа райы болжамдарын қадағалап, сақтық шараларын ұстану ұсынылады.