Тамыздың екінші онкүндігінде өңірлік семинардың ұйымдастырушылары: АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігі (U.S. EPA), Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігі және Ауаның алыс қашықтықта трансшекаралық ластануы туралы Конвенцияның Хатшылығы (LRTAP) болды. Қазақстан тарапынан «Қазгидромет» РМК Бас директоры Д.Қ. Алимбаева, ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу бақылау комитетінің төрағасы З. С.Жолдасов және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері қатысты.
Бес күндік семинар ауа сапасын басқару (AQMP) мәселелері бойынша, сондай-ақ табысты ынтымақтастық мысалдарын қоса алғанда, ластаушы заттардың шығарындыларын талдау мен бағалауды қамтитын тақырыптарға шолу жасау бойынша белсенді ақпарат алмасу алаңына айналды.
Шетелдік өкілдермен қатар, қазақстандық тараптың «Ауа сапасын басқарудың адам денсаулығына әсері» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).
Семинардың негізгі және қорытынды кезеңі AQMP бойынша практикалық жаттығу жасау болды. «Қазгидромет» РМК экология саласындағы мамандары, ҚР ЭГТРМ өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің басқа да қатысушылары өз өңірінде ауа сапасы саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін білімі мен дағдыларын одан әрі қолдануға мүмкіндік алды.