23 мамырда ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәжіліс залында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған кеңес өтті. Кеңеске ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың басшылары мен комплаенс-офицерлері қатысты. «Қазгидромет» РМК бас директоры мен комплаенс-офицері де осы кеңеске белсенді қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен комплаенс-қызметінің өзекті мәселелерін талқылады. Кеңесте комплаенс-қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және халықаралық стандарттарға сәйкес комплаенс жүйесін дамыту мәселелері қарастырылды. «Қазгидромет» РМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі туралы ережені бекітіп, ішкі нормативтік құжаттарында сыбайлас жемқорлыққа негізделген факторлардың болуына жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізуде. «Қазгидромет» РМК комплаенс-қызметінің тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру бағытында жұмыстарын жалғастырады.