Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Республиканың көп бөлігінде Солтүстік-батыс циклонының өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жаңбыр, найзағай, екпінді жел, 18-19 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.
ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде 17-25 градус жылыдан 15-23 градус жылыға дейін, күндіз 25-35 радус жылыдан 20-31 градус жылыға дейін төмендейді деп күтілуде. Орталықта түнде 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендейді, 17-18 маусымда күндіз 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі, 19 маусымда 27-32 градус жылыға дейін төмендейді. Шығыста түнде 12-23 градус жылыдан 17-25 градус жылыға дейін, күндіз 27-35 градус жылыдан 35-39 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылайды, 19 маусымда жекелеген аудандарда 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыста түнде 18-23 градус жылыдан 20-25 градус жылыға дейін аздаған жоғарылайды, күндіз 35-39 градус қатты ыстық, 18-19 маусымда жекелеген аудандарда 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз оңтүстік аймақтарда 43-46 градус қатты ыстықтан 30-38 градусқа жылыға дейін төмендейді деп күтілуде.