«Талдыкөлді сақтайық» эко сенбілік!
Бүгін 2020 жылғы 22 тамызда «Қазгидромет» РМК қызметкерлері елорданың бірегей Талдыкөл көлін сақтау бойынша экологтар қозғалысына арналған экологиялық сенбілікке белсенді қатысты.
Іс-шараны тұрғындар мен қоғамдық ұйымдар ұйымдастырды. Бастамаға Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазгидромет» РМК және қала белсенділері қосылды. Таңертеңмен ҚР ЭГТРМ вице-министрі А.А. Пірімқұловтың басшылығымен Нұр-Сұлтанның жанашыр азаматтары, Қазгидромет қызметкерлері мен экоактивистер Талдыкөлдің жағалау аймағын тазартты.
Талдыкөл көлдер жүйесіне бірнеше оқшауланған су қоймалары кіреді. Су қоймасының жойылуы Талдыкөл көлдерінің бүкіл жүйесіне әсер етеді. Бұл тоған ерекше құстар мен өсімдіктердің үйі болып саналады.
Талдыкөлді сақтайық!