Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Жаңбыр, найзағай күтіледі. 4-5 шілдеде солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар, батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі, шаңды дауылдар болуы мүмкін.
Елдің басым бөлігінде күндізгі уақытта ауа температурасы 35 градус аптап ыстыққа дейін көтеріледі. 4-5 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында өте қатты ыстық – 40-42 градус күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда 35-40 градусқа дейінгі қатты ыстық болжанады, жекелеген аудандарда өте қатты ыстық – 43-47 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Алайда солтүстік өңірлердің тұрғындары босаңсымауы керек – аптап ыстықтың орнын күрт суыту басады. 5 шілдеде солтүстік және орталық аймақтарда күндіз ауа температурасы 18-25 градусқа дейін төмендейді.