Қазақстанның оңтүстігінде ыстық ауа райы

IconЖарияланды 21.07.2025

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. 22 және 24 шілдеде Қазақстанның батысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен дауылды жел болжанады. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік пен шығыс өңірлерде тұман күтіледі.

22–23 шілде күндері Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз өте қатты ыстық – 40°С, Алматы облысының батысында, солтүстігінде және орталығында – 42°С болжанады.

Күшті ыстық күндіз батыс өңірлерде 35–39°С, республиканың оңтүстік-батысында 38–42°С, 24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде 35°С, орталық өңірлерде 35–38°С, елдің оңтүстігінде 40–42°С, оңтүстік-шығысында 35–39°С күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз