Қазақстанның солтүстік-батысы, солтүстігі мен орталығы қатты жаңбыр жауады

IconЖарияланды 28.07.2025

Айдың соңғы күндерінде Қазақстан Республикасының аумағындағы ауа райы жағдайына кең ауқымды циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр мен екпінді жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен қатар жүруі мүмкін.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +18…+23 °C дейін төмендейді. Қалған аумақта ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді деп болжанады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз