Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Тамыз – жаз мезгілін аяқтайтын ай. Ай басында Қазақстанның көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміз бойынша жаңбыр, найзағай, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ оңтүстік-шығыс пен шығыс таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар күтіледі.
Айдың бірінші онкүндігінде:
Батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде түнгі ауа температурасы +18…+28°С-тан +13…+20°С-қа дейін, күндізгі температура қатты ыстық +33…+41°С-тан +25…+33°С-қа дейін төмендейді;
Солтүстік-батыс өңірлерде түнгі температура +7…+20°С-тан +13…+28°С-қа дейін көтеріледі, күндіз ауа температурасы +21…+35°С пен +27…+38°С аралығында ауытқиды;
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі температура +5…+13°С-тан +12…+20°С-қа дейін, күндіз +15…+22°С-тен +25…+35°С-қа дейін көтеріледі;
Оңтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы +10…+17°С-тен +18…+25°С-қа дейін, күндіз +28…+38°С-тен қатты ыстық +33…+40°С-қа дейін жоғарылайды.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде «температуралық тербелістер» байқалады – ыстық күндер салқын әрі жауын-шашынды күндермен алмасып отырады.
Негізгі температуралық фон:
Батыс өңірлерде түнде +11…+17°С, күндіз +21…+27°С, кей күндері түнде +18…+26°С-қа дейін, күндіз +28…+35°С-қа дейін көтеріледі, ал Маңғыстау облысында +40°С-қа дейін жетуі мүмкін;
Солтүстік және шығыс өңірлерде түнде +4…+10°С-тен +12…+18°С-қа дейін, күндіз +16…+23°С пен +24…+32°С аралығында ауытқиды;
Орталық пен оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде +6…+13°С-тен +15…+20°С-қа дейін, күндіз +19…+28°С пен +28…+36°С аралығында;
Оңтүстік өңірлерде кей күндері күндізгі температура +33…+42°С-қа дейін көтеріледі.
Ескерту: айлық болжам консультативті болып жасалады, әрі қарай синоптикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты түзетіліп, онкүндік ауа райы болжамдары арқылы нақтыланады.