Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы үш күнде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста және республиканың орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз аптапты ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.
Оңтүстік өңірлерде қатты аптап сақталады – 36-41 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыста 32-39 градусқа дейін. Батыс Қазақстанда ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 12-23 градус, күндіз 25-37 градус жылы. Қалған аумақта ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанады.