Тамыздың бірінші жартысында еліміздің батысында ауа-райы жағдайы дәнді бидайды жинауға қолайлы болса, солтүстік облыстарда метеорологиялық жағдайлар жалпы дәнді бидайдың пісіп-жетілуі мен егіннің жиналуына жеткілікті болады. Тамыздың үшінші онкүндігінде егін жинау жұмыстары айдың соңында жиі күтілетін жауын-шашынмен және ауаның жоғары ылғалдылығымен қиындайды. Қыркүйектің бірінші онкүндігінде солтүстіктің басым бөлігінде күтілетін жаңбыр егін жинау жұмыстарының қарқынын бәсеңдетеді. Болжамның толық мәтіні, оның ішінде астықтың күтілетін кебу қарқыны және егін жинау кезеңінде жақсы, орташа және нашар агрометеорологиялық жағдайдағы кезеңдердің орташа ұзақтығы «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған(https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/agrometeorologicheskie -prognozy).