13 тамызда «Қазгидромет» РМК мен Финляндия метеорологиялық институты арасында екіжақты жұмыс кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында тараптар өз қызметі мен ағымдағы жобаларына шолу жасап, кадрлық әлеуетті арттыру тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ өзара ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын айқындады.
Кездесу қорытындысы бойынша метеорологиялық қызметтер арасында өзара түсіністік туралы Меморандум келісілді. Құжат бірлескен бастамаларды дамыту мен тәжірибе алмасуды көздейді.
Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК өкілдері Финляндия метеорологиялық институтының Гидрометорталығының жұмысымен танысып, оның зертханалары мен басқа да бөлімшелерін аралады.