2020 жылғы 21 тамызда Талдау және болжау институтында «Атмосфералық ауаның ластану жай-күйі» тақырыбында ШҚО Қоғамдық кеңесінің экология жөніндегі жұмыс сараптамалық тобының отырысы өтті.
Отырысқа «Қазгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалы, «Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС, «Қазцинк» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «ШҚО бойынша Экология департаменті» РММ, «ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ өкілдері және қаланың эко-белсенділері қатысты.
«Қазгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына облыс қалалары бойынша атмосфералық ауа мен жер үсті суларының ластану жай-күйі туралы баяндама ұсынып, презентация көрсетті. Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «ЭҚО» ЖШС баяндамасы тыңдалды.
Семинарға қатысушыларды дауылды ескерту (ҚМЖ) жарияланған жағдайда, мереке және демалыс күндері мониторинг жүргізіледі ме деген сұрақ қызықтырды. Филиал директоры М.Е. Еркінбеков толық жауап, сондай-ақ осы мәселені шешудің мүмкін жолдары бойынша ұсыныстар берді.
«Қазгидромет» РМК филиалы деректерді AirKZ мобильді қосымшасынан қаланың ЛЭД экрандарында көрсетуді ұсынды. Атмосфералық ауаның мониторингі бойынша деректерді көрсетудің мұндай тәжірибесі еліміздің көптеген қалаларында қолданылады.
Қоғамдық кеңестің барлық қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. Кездесу қорытындысы бойынша қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі қолдау туралы шешім қабылданды.