2025 жылғы 14–15 тамызда Хельсинки қаласында Финляндияның Сыртқы істер министрлігінің және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының қолдауымен Оңтүстік Кавказ елдері мен Қазақстан үшін «Баршаға ерте ескерту» тақырыбында кеңес өтті.
Кеңес 2023 жылғы желтоқсанда Женевада басталған пікірталастардың жалғасы болып, аймақтағы табиғи апаттар туралы ерте ескерту жүйесін іске асыру мәселелеріне арналды.
Іс-шараға Армения, Грузия, Әзербайжан және Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің өкілдері қатысты. Қатысушылар мониторинг пен болжау саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, бастамалар мен жоспарларын таныстырды, аймақтық ынтымақтастықтың қолданыстағы тетіктерін талқылады, сондай-ақ әрі қарайғы өзара іс-қимыл үшін проблемалар мен қажеттіліктерді айқындады.
«Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Қизатқызы Әлімбаева Қазақстанның болжау саласындағы тәжірибесі мен ерте ескерту жүйесін дамыту бастамалары бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, Фин метеорологиялық институты метеорологиялық деректермен алмасу саласындағы практикалық тәжірибелерімен бөлісті.