Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Маусымның басында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады – найзағайлы жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі, солтүстік және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр болжанады. Маусым соңына қарай республика аумағына батыс антициклон ығысып, сонымен байланысты жауын-шашынның уақытша тоқтауы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда – тұман болжанады.
Батыста қатты ыстық 35-38 градус күтіледі, 24-25 тамызда солтүстік-батыста қатты ыстық 35 градус болады. Көптеген облыстарда ауа температурасының жоғарылауы күтіледі: солтүстік өңірлерде 25-30 градусқа дейін, Қазақстанның орталығында 22-32 градусқа дейін, кей жерлерде қатты ыстық 35 градусқа дейін, оңтүстікте 30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-35 градусқа дейін, таулы аймақтарда 20-27 градусқа дейін көтеріледі. Тек шығыс Қазақстанда температуралық жағдайда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.