Өтетін орны: Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к., 11/1
Өткізу күні: 2020 жылғы 28 тамыз
Өткізу уақыты: сағат 15.00-16.00
Біз 30 тамыз күні мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні натап өтеміз. Біздің елімізде Конституция – бұл республикамыздың әрбір азаматының құқықтары мен міндеттері, сайлау жүйесі, мемлекеттік жүйе жазылған негізгіз аң. Конституцияның арқасында біздің еліміздегі кез-келген адам лайықты өмір сүруге және жеке дамуға құқылы.
Осыған байланысты, 2020 жылдың 28 тамызында «Қазақстан даму қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі «Нұр-сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ-мен, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған кездесу өткізеді.
Кездесуде түрлі құқықтық аспектілер бойынша, оның ішінде құқықтық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың заңнамалық шаралары туралы мәселелер талқыланатын болады.
Конституцияны, ең алдымен, еліміздің негізгі заңы ретінде қарастырған жөн. Конституция негізінде біздің бүкіл саяси және құқықтық жүйеміз құрылған, Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын талдау оның барлық негізгі ережелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тікелей қатысы бар екенін көрсетеді. Конституцияны негізгі құқықтықтетік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес базасы ретінде қарастыру қажет деп айтуғаболады.