Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Атмосфералық фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, сонымен қатар найзағаймен жаңбыр жауады. 04–05 қыркүйекте еліміздің батысында, 05–06 қыркүйекте солтүстік-батысында бұршақпен және екпінді желмен қатты жаңбыр болжанады.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық аймақтарда, сондай-ақ 05–06 қыркүйекте шығыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.
Шығыста, 05 қыркүйекте солтүстік-шығыста, 04–05 қыркүйекте орталықта түнгі уақытта ауа температурасы 2–10 жылы шамасында болып, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.
Күндізгі температура:
батыс аймақтарда 18–33 градустан 15–27 градусқа дейін төмендейді;
солтүстік облыстарда 17–28 градустан 25–30 градусқа дейін көтеріледі;
орталықта 20–32 градустан 25–35 градусқа дейін жылы болады;
шығыста 12–25 градус жылы күтіледі;
оңтүстікте 30–35 градустан 33–38 градусқа дейін ауытқиды;
оңтүстік-шығыста 22–30 градустан 28–33 градусқа дейін жоғарылайды;
таулы аймақтарда 12–17 градустан 18–23 градусқа дейін жылы болады.