Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсер етеді – найзағаймен бірге жаңбыр жауады. 6 қыркүйекте солтүстік-батыста, 7-8 қыркүйекте солтүстікте, 8 қыркүйекте шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.
Температуралық фон бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
Солтүстік-батыста түнде +8…+16°С, күндіз +15…+25°С;
Солтүстікте түнде +8…+15°С, күндіз +13…+20°С;
Орталықта түнде +7…+18°С, күндіз +15…+23°С;
Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз +22…+30°С;
Шығыста температура көтеріледі – түнде +5…+15°С, күндіз +20…+28°С;
Батыста және оңтүстік-шығыста температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.