Қазақстан бойынша 2025 жылғы 11-13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 10.09.2025

Алдағы күндері республиканың оңтүстік өңірлерінен басқа аумақтарында күзгі, салқын әрі жаңбырлы ауа райы күтіледі. Бұған солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер себеп болады.
11 қыркүйекте солтүстікте, 11–12 қыркүйекте шығыста, 11–13 қыркүйекте Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жауады, солтүстік пен шығыста бұршақ пен дауылды жел болуы мүмкін. Период соңында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы Жоңғар циклонының ықпалында болып, жаңбырмен қатар аталған өңірлерде ауа температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта – тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Көптеген өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +15…+25°С;

  • Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, жердің беткі қабатында -2°С үсік, күндіз +8…+20°С;

  • Солтүстікте түнде +1…+7°С, жердің беткі қабатында -2°С үсік, күндіз +8…+16°С;

  • Орталықта түнде +1…+10°С, топырақ бетінде -2°С үсік, күндіз +10…+20°С;

  • Шығыста түнде +1…+11°С, күндіз +15…+23°С дейін жылынады;

  • Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз температура +23…+33°С-тен +25…+35°С аралығында ауытқиды;

  • Оңтүстік-шығыста түнде +12…+17°С, таулы аудандарда +2…+7°С, күндіз +24…+32°С; таулы аудандарда түнде 0…+5°С, күндіз +8…+15°С.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз