Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер айқындайды – найзағаймен бірге жаңбыр жауады, 16-18 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, кезеңнің соңында республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
Ауа температурасы: елдің батысында түнде 5-16° жылы, күндіз 18-28° жылы, солтүстік-батыста түнде 1-10° жылы, аймақтың солтүстігінде топырақ бетінде 1° үсік, күндіз 15-23° жылы. Солтүстікте түнде 2-10° жылы, батыс пен солтүстік аймақтарда 1° үсік, күндіз 15-23° жылы. Орталықта түнде 2-11° жылы, күндіз 10-20° жылы. Шығыста температураның көтерілуі күтіледі: түнде 1-6° жылы, солтүстік аймақтарда 1° үсік, күндіз 15-20° жылы. Елдің оңтүстігінде түнде 8-18° жылы, күндіз 15-25° жылы, оңтүстік-шығыста түнде 10-18° жылы, күндіз 15-25° жылы.