«Қазгидромет» РМК пайдаланушыларға онлайн - режимде қолжетімді радиациялық жағдайдың интерактивті картасы-инновациялық сервистің іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Карта Қазақстан өңірлері бойынша радиациялық мониторингтің өзекті деректерін көрсетеді, әртүрлі кезеңдердегі көрсеткіштерді талдауға және ақпаратты ыңғайлы визуалды форматта алуға мүмкіндік береді.
Қызметтің негізгі артықшылықтары:
- кез келген уақытта және кез келген жерден қолжетімділік;
- радиациялық фон көрсеткіштерін көрнекі көрсету;
- деректерді ғылыми, білім беру және қоғамдық мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі;
- халықтың экологиялық хабардар болу деңгейін арттыру.
Деректер күніне 1 рет автоматты түрде жаңартылады.
«Картаны құру-экологиялық ақпараттың ашықтығы мен қоғамның сенімін қалыптастырудағы маңызды қадам. Біз қоршаған ортаның жай күйі туралы деректерді барлық азаматтар үшін барынша түсінікті және қолжетімді етуге тырысамыз»
Интерактивті карта мына сілтеме бойынша қолжетімді: http://ecodata.kz:3838/app_gamma_ru/
Болашақта осы сервисті жақсарту бойынша ұсыныстар пайда болған жағдайда, «Қазгидромет» РМК-ға ұсыныстар енгізуді сұраймыз.