«Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында ҚР ҚК оқу-әдістемелік жиынының қатысушылары болды

IconЖарияланды 18.09.2025

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін 2025 оқу жылына дайындау жоспарына сәйкес, 16–17 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында ҚР ҚК гидрометеорологиялық қызметтерінің бастықтарымен оқу-әдістемелік жиындар өтті.Бағдарламаның негізгі мәселелерінің бірі гидрометеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы ақпарат алмасу болды. Жиынға қатысушылар «Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына барып, мамандардың бақылаулар жүргізу, деректерді өңдеу және болжам жасау жұмыстарының барысымен танысты.Сонымен қатар, қонақтар метеорологиялық және аэрологиялық станцияларда болып, бақылау жүргізу үдерісін өз көздерімен көріп, аэрологиялық станцияда радиозондты ұшыруға қатысты.Мұндай кездесулер ұлттық гидрометеорологиялық қызмет пен Қазақстан Қарулы Күштерінің ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ тәжірибелік міндеттерді шешуде ақпарат алмасудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз