Астанада Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның президенті, доктор Абдулла Ахмед Аль-Мандус мырзамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ДМО шеңберіндегі одан әрі ынтымақтастықтың келешегін талқылап, ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердің қызметінің маңыздылығын және метеорология мен климатология саласындағы озық тәжірибемен алмасудың өзектілігін атап өтті.
Ерлан Нысанбаев атап өтті:
«Біз гидрометеорологиялық қызметтің барлық экономика салаларын қамтамасыз етуде және халықтың өмірін қорғауда атқаратын маңызды рөлін жоғары бағалаймыз. Қазақстан ДМО-ның „Баршаға ерте ескерту“ бастамасын ұлттық климаттық және экологиялық қауіпсіздіктің басым бағыты ретінде қарастырады».
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті нығайтуға және бірлескен күш-жігермен тұрақты дамуға, сондай-ақ гидрометеорологиялық жағдайларды сенімді мониторингтеу, талдау және болжау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға дайын екендіктерін білдірді.