Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында German Water Partnership (GWP) басқарушы директоры Борис Грайфенедер мырзамен кездесу өтті.
Кездесу барысында су ресурстарын тиімді пайдалану, инновациялық технологияларды енгізу және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
German Water Partnership (GWP) — Германияның халықаралық су саласындағы жалғыз желісі болып табылады. Ұйым су ресурстары саласындағы 300-ден астам компания мен институтты біріктіреді.
GWP қызметі инновациялық шешімдерді ілгерілетуге, тәжірибе алмасуға және су технологиялары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Бұл екіжақты кездесу гидрометеорология және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы әріптестікті нығайту мен тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды қадам болды.