2025 жылғы 8 қазан күні РМҚ «Қазгидромет» Ақмола облысы бойынша филиалының құрметті зейнеткері — Рочева Ида Константиновна кенеттен қайтыс болды.
Ида Константиновна «Қазгидромет» жүйесінде 25 жыл еңбек етті:
1991–2016 жылдар аралығында Балкашино метеостанциясында техник-метеоролог болып қызмет атқарды;
2016 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.
Ида Константиновна тамаша ұстаз әрі тәлімгер болды, оны жоғары кәсібилік пен өз ісіне деген адалдық ерекшелейтін. Ол өз білімін және тәжірибесін Ақмола облысы бойынша филиалдың көптеген метеорологтарына үйретіп, үлкен үлес қосты.
Марапаттары:
2002 ж. – «Қазгидрометке 80 жыл» төсбелгісімен марапатталған;
2019 ж. – Наурыз мерекесі мен Дүниежүзілік метеоролог күніне орай, Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталған;
2022 ж. – «Қазгидрометке 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Әр жылдары ол министрлік пен РМҚ «Қазгидромет» тарапынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарға ие болды.
РМҚ «Қазгидромет» Ақмола облысы бойынша филиалының ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып, шын жүректен көңіл айтады.
Жаны жәннатта болсын. Светлая память.