ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына 6 шаң талдағышын сатып алғанын, енді Алматы қаласының барлық 11 автоматты экологиялық бекеттерінде РМ-2,5 және РМ-10 бойынша бақылау жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
PM10 – сол немесе өзге заттардың бөлшектері, диаметрі 10 микрометрден (мкм) және одан аз, PM2.5-диаметрі 2.5 мкм немесе одан аз. Бұл мөлшердегі бөлшектер шаңның көп бөлігін құрайды және мұрынға, ауызға немесе тамаққа кіретін үлкен бөлшектерге қарағанда, өкпеге терең түседі.
Алматы қаласындағы атмосфералық ауаны бақылау 16 бекетте, оның ішінде 11 автоматты және 5 қолмен сынама алу бекеттерінде жүргізіледі. Бекеттерден түсетін ақпарат AirKZ мобильді қосымшасында қол жетімді. Автоматты бекеттердің көрсеткіштері әр сағат сайын, ал қолмен сынама алу бекеттерінде – әр үш сағат сайын жаңартылады.