Өтінімдер мен ұсыныстарды қабылдау және қарау рәсімі 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 12-тармағына сәйкес жүргізіледі және ол қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған. Атап айтқанда, қоршаған орта мен гидрометеорологиялық мониторингті жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бақылау желісін дамыту үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндірістегі техника мен (немесе) жабдықтарды сатып алуға қатысты.
Мүмкін жеткізушілерді тауардың техникалық сипаттамаларын, жеткізу шарттары мен мерзімдерін, құнын қамтитын коммерциялық және бағалық ұсыныстарын ұсынуға шақырамыз.
Мүмкін жеткізушілерден ұсыныстар хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде төмендегі мекенжайға жолдануы тиіс:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі,
010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй,
«Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 15-кіреберіс, 1137-кабинет (канцелярия),
тел. 740844, 741058,
сондай-ақ келесі электрондық мекенжайларға: k.kense@ecogeo.gov.kz. Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1082186