Ашық әрі құрғақ күндерден кейін демалыс күндері Қазақстан аумағына атмосфералық фронттар ығыса бастайды. Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, түнде жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін, желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі.
Айтарлықтай суыту болжанбайды: тек еліміздің солтүстігінде қысқа мерзімді салқындау күтіледі — түнде 3–8° аяз, күндіз 3–8° жылы шамасында болады.