Жауын - шашын және температураның төмендеуі…

IconЖарияланды 29.10.2025

Алдағы күндері республика аумағы Атлант мұхитынан келетін циклонның әсерінде болады. Ол еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен желдің күшеюін тудырады. Тек 30 қазанда солтүстік пен орталықта, 30–31 қазанда республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Оңтүстік өңірлерде де атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, ал таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі деп болжанады.

Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі: күндіз батыста +5…+10°С, солтүстік пен орталықта +2…+10°С, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +8…+17°С, шығыста +8…+18°С шамасында болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз