Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Күздің алғашқы айларында Қазақстан тұрғындарын жылы ауа райы қуантты. Алайда, жақсы ауа райын қамтамасыз еткен антициклон еліміздің аумағынан шығып, өз орнын солтүстік циклонға беруде. Суық ауа массаларымен қоректенетін бұл циклон еліміздің аумағы арқылы тез жылжып, жаңбыр түрінде жауын-шашын әкеледі, кейін ол қарға ұласатын болады.
4 қарашадан бастап еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар, кей жерлерде күшті қар, сондай-ақ екпінді жел, боран және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы да біртіндеп төмендейді. Бұл әсіресе солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі: мұнда 4 қарашада түнде 5-13 градус аяз, күндіз 3-11 градус аяз күтіледі.
Суық Қазақстанның оңтүстігін де айналып өтпейді. 4 қарашада күтілетін жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашыннан кейін аймақта салқындау басталып, түнде ауа температурасы 0-13 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 0-5 градус жылы шамасында болады.