Өңірлік климатты зерделеу және оның өзгеруінің тұрақты мониторингі «Қазгидромет» РМК басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанның Гидрометеорологиялық қызметі ай сайын экспресс мониторинг бюллетендерін шығарады, онда ауаның орташа айлық температурасының ауытқуларын және республика аумағы бойынша атмосфералық жауын-шашынның айлық мөлшерін бағалау келтірілген.
Бюллетеньді дайындау үшін «Қазгидромет» РМК метеорологиялық мониторинг желісіндегі бақылау деректері, 1941 жылдан бастап орташа айлық ауа температурасы мен жауын-шашынның айлық жиынтығының қатарлары пайдаланылады.
Бюллетень шығаруға жауапты бөлімше Ғылыми-зерттеу орталығының Климаттық зерттеулер басқармасы болып табылады. Елдің климаты бойынша ай сайынғы экспресс мониторингпен https://www.kazhydromet.kz/klimat/ekspress-monitoring сілтемесі бойынша танысуға болады.