Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі Атлант циклонының ойпатымен және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады. Осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі; 13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады, ал шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда төменгі бұрқасын күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ауа температурасының фонында қысқа мерзімді төмендеулер күтіледі:
Солтүстікте түнде –5…–12°С, күндіз –0…–6°С,
Солтүстік-батыста түнде –2…–10°С, күндіз –0…–5°С,
Орталықта түнде –3…–13°С, күндіз –6…+3°С,
Шығыста түнде –8…–20°С, күндіз –0…–10°С.
Елдің қалған аумақтарында температурада елеулі өзгерістер күтілмейді.