Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Бүгін РГП «Қазгидромет» базасында №75 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары үшін таныстыру экскурсиясы өтті. Шәкірттер ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің тарихымен, оның қазіргі міндеттерімен және ел үшін маңыздылығымен жақыннан танысуға мүмкіндік алды.
Экскурсия барысында оқушыларға Қазақстандағы гидрометеорологияның даму кезеңдері, архивтік материалдар мен «Қазгидрометтің» қалыптасу тарихындағы негізгі маңызды деректер көрсетілді. Ерекше қызығушылық тудырған бөлім – Гидрометорталыққа жасалған сапар болды. Мұнда мамандар ауа райын талдау, өңдеу және болжау үдерістерін көрсетті.
Осындай іс-шаралар оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, олардың дүниетанымын кеңейтуге және метеорологтардың жұмысын ішінен көруге мүмкіндік береді.