«Қазгидромет» РМК «2023 жылға арналған жыл сайынғы гидрологиялық бюллетеньді» ұсынады

IconЖарияланды 10.12.2025

Жыл сайынғы гидрологиялық бюллетеньдің осы шығарылымы жалпы Қазақстан Республикасының сегіз су шаруашылығы бассейні бойынша, сондай-ақ негізгі өзен бассейндері мен олардың жекелеген учаскелері бойынша 1930-жылдардың басынан 2023 жылға дейінгі кезеңді қамтитын өзен ағыны ресурстары туралы негізгі ақпарат келтірілген. Көктемгі су тасқынының негізгі сипаттамалары, оның ішінде тасқынның басталу және аяқталу мерзімдері, оның ұзақтығы, судың ең жоғары шығындары, ағын қабаттары мен көлемдері, жыл ішінде су нысандарында орын алған қауіпті гидрологиялық құбылыстар жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ антропогендік ықпал кезеңіндегі негізгі өзендердің жыл ішіндегі ағынның таралу параметрлері ұсынылған.

Гидрологиялық ақпарат елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ол су ресурстарын басқару, су пайдалануды жоспарлау, табиғи құбылыстардың - су тасуы, құрғақшылық, тасқын және мұз кептелістері сияқты жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын азайту үшін қажет. Өзекті және шынайы гидрологиялық ақпарат климаттың өзгеруінің су ресурстарына әсерін бағалаудың, бейімделу шараларын әзірлеудің және су шаруашылығы кешенінің орнықты дамуының ғылыми негізі болып табылады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз