Некролог Касенов Кайрат Кабиденович

IconЖарияланды 15.12.2025

Қарабау метеостанциясының басшысы Кәсенов Қайрат Қабиденұлы 2025 жылғы 14 желтоқсан күні науқастануына байланысты дүниеден озды. Ол 1965 жылғы 3 қазанда дүниеге келген.

Марқұм «Қазгидромет» РМК Атырау облысы филиалына қарасты Қарабау метеостанциясында 37 жыл бойы еңбек етті. 1988 жылдан бастап техник-метеоролог қызметін атқарды. 1993 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қарабау метеостанциясының басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

Қызмет еткен жылдары Қайрат Қабиденұлы ұйымның дамуына елеулі үлес қосып, жауапкершілігі жоғары, білікті басшы ретінде ұжым арасында зор құрметке ие болды.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз